Назым Қызайбайға қымбат көлік сыйға берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Көліктің құны 18,5 миллион теңгеден басталады

Фото: instagram/almatyboxing.kz

Алматы бокс федерациясы Олимпиададан екі ай өткен соң Назым Қызайбайға жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегері және бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай тағы да қымбат сыйлықпен марапатталды. 

Алматы бокс федерациясы Li-6 маркалы жаңа автокөлік табыс етті. Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, сыйға тартылған автокөліктің құны 18,5 миллион теңгеден басталады.