Ер адам анасын қайшымен кескілеп тастады

Azattyq Rýhy

Анасы ұлына көп ішетінін айтып, ескерту жасаған

Ер адам анасын қайшымен кескілеп тастады
Фото: istockphoto.com

Ресейдің Барнауыл жерінде ер адам көп ішетіні туралы ескерту жасаған анасының бірнеше жерін қайшымен кескілеп тастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі SHOT Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

59 жастағы әйел адам ұлына және немерелеріне қонаққа келгені белгілі. Алайда, отбасылық кездесу жанжалға ұласады. Анасы ұлын көп ішетінін айтып, айыптай бастаған. Ер адам бұл сөзіне ашуланып, ас үйдегі қайшыны ұстап алып, анасына ала жүгірді. Ол анасының мойнын тесіп, кем дегенде 5 рет қайшымен ұрды, содан кейін қайшыны арқасына екі рет тығып, бөлмеден шығып кетті.

Қансыраған әйел адам үйден шығып, өтіп бара жатқан адамдардан полиция мен жедел жәрдем шақыруын өтінген. Жәбірленуші мойны мен басының артқы жағынан алғкн жаралармен ауруханаға жатқызылды.

Ұлы ұсталып, істеген ісін мойындады. 37 жастағы Иван жиһаз компаниясында жұмыс істейді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.