«Шын ақынды «сорлы еркек» атандырған»: Имашев Мұқағалиға арнап өлең жазды
Балғынбек Имашев Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады
Атышулы блогер Әлішер Теменов ақын Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы видеодан кейін Балғынбек Имашев арнайы өлең шығарып, ақынның рухынан кешрім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балғынбек Имашев ақынға өлең арнап, Instagram парақшасында жариялады.
«Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз,
Қуып кеттік ақша мен хайпты біз.
Тазалауға қоғамды немқұрайлы,
Жазалауға бәріміз лайықтымыз!
«Жас қайың» боп мың көктеп, мың солдыңыз,
Құнсыз бе еді мисызға мұнша орныңыз?
Шын ақынды «сорлы еркек» атандырған,
Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз!
Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа,
Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа.
Ақша адамды аздырып айуан қылды,
Қалта қалың болса да, ақыл жұқа…», – деп жазған ол.
Айта кетейік, блогер Әлішер Теменов даулы видеосынан кейін Мұқағали Мақатаевтың ескерткішінің алдына барып, тізерлеп кешірім сұрады.