Жалпыұлттық референдум: Алмасадам Сәтқалиев министрлер арасында бірінші болып дауыс берді

Azattyq Rýhy

Ведомство басшысы өз таңдауын елордадағы №230 дауыс беру учаскесінде жасады

Жалпыұлттық референдум: Алмасадам Сәтқалиев министрлер арасында бірінші болып дауыс берді
Видеодан алынған кадр

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр электр станциясының құрылысы мәселесі бойынша өткізіліп жатқан референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысы өз таңдауын елордадағы №230 дауыс беру учаскесінде жасады.

Үкімет мүшелері арасында әзірге Премьер-министр Олжас Бектенов пен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев референдум аясында дауыс беріп үлгерді.

Айта кетейік, еліміз бойынша бүгін жалпы саны 10 249 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады, ал 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешіміне сәйкес дауыс беру сағат 6:00-де басталды. Бұл референдумда дауыс беру құқығына ие 12 244 683 азаматтың тізімі жасалған. Сонымен қатар, жазбаша өтініш берген азаматтарға 10 623 есептен шығару куәлігі берілген.

Барлығы ел аумағында 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында шет мемлекеттердегі 59 елде орналасқан 74 учаске де бар, бұл Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде ашылған.

Бұл референдум Қазақстан халқының болашақ энергия ресурстарына деген көзқарасын білдіруде маңызды оқиғаға айналуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.