Бүгін еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Оңтүстікте және батыста күн ашық, бірақ кей жерлерде тұман түсуі ықтимал

Фото: depositphotos.com

Қазгидромет мәліметі бойынша, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Оңтүстікте және батыста күн ашық, бірақ кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы

06 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында туман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 06 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Абай облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 06 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 06 қазанда облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан облысы

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 06 қазанда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

06-08 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 06-08 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 06 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 06 қазанда кей уақытта найзағай күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оскемен қ.: 06 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 06 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 06 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 06 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.