Ол психологияға басым көңіл бөлу керектігін айтты
Бокстан Олимпиада чемпионы, кәсіпқойдан әлем чемпионы Василий Жиров Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қазіргі қазақстандық боксшылардың басты мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол сұхбат барысында Олимпиада ойындарындағы қазақстандық боксшылардың өнері туралы айтты.
«Олимпиада ойындарында біздің боксшылар екі раундта бар күшін жұмсап, үшінші раундқа шаршап жатты, мен оны көргенде көңілім түсті. Жігіттерді 4-5 раундқа дайын болатындай етіп, жақсы дайындау керек. Мен бұл мәселелердің бірі екені деп түсінемін. Сондай-ақ үлкен мәселе — психология. Оларға дұрыс мақсат қоя білу керек, нақты мақсат болмағанда, олар жан-жаққа шашырай бастайды», - деді Жиров.