$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қуат Хамитов: Бізде алғашқы неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын дәстүр бар

Қуат Хамитов өз сөзінде қыз өсіріп отырған ата-аналарға ескерту жасады

Қуат Хамитов: Бізде алғашқы неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын дәстүр бар
Фото: Instagram/kuat__khamitov

Қазақстандық атышулы файтер Қуат Хамитов Вестник MMA YouTube арнасына берген сұхбатында әйелдікке пәк қыз алу ойы бар екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қуат Хамитов өз сөзінде қыз өсіріп отырған ата-аналарға ескерту жасады.

«Басқа қалаларда қандай екенін білмеймін, бірақ біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, бізде алғашқы неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Егер біреу пәк емес қызға үйленсе, онымен ешкім араласпай қоятын. Себебі бұл жігітке лайықсыз әрекет саналады. Біз осындай тәрбие көрдік.

Әйел - ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, ұятты, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Міне осы жақсы қыз» бен жақсы емес қыздың» айырмашылығын көрсететін дүние», - дейді Қуат Хамитов.

Ол өз сөзінде әр адамның жаңа киім алып, салоннан жаңа көлік мінгісі келетінін тілге тиек етті. Ал әйел адамның пәктігі жаңа көлік пен жаңа киімнен де маңызды екенін айтты.

«Неліктен біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйел адам су жаңа көлік пен киім-кешектен да бағалы болып есептеледі. Сол себепті, бұл өзгелерге ұнаса да, ұнамаса да, бұл - қалыпты нәрсе.

Ислам дінінде ер адамдар да әйеліне пәк күйінде бару керек екені айтылады. Жеңіл жүріске жігіттер де жоламауы керек. Себебі бұл ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туылған бала ауру болып дүниеге келеді. Сол себепті абай болу керек», - дейді атышулы спортшы.

Серіктес жаңалықтары