$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда учаскелік полицейдің ақпараттық плакатына балағат сөздер жазған тұрғынға  айыппұл салынды

Ол бұрын да ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен

Қостанайда учаскелік полицейдің ақпараттық плакатына балағат сөздер жазған тұрғынға  айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Учаскелік инспектордың плакатының астына балағат сөздер жазған қостанайлық тұрғынға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Учаскелік полицейдің плакатына балағат сөздер жазып, көңіл көтермек болған 21 жастағы қыз енді соның зардабын көрмек. Іс-әрекеттері үшін оған шамамен 185 мың теңге көлемінде айппұл салынды.

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Онда бақылау камераларының көмегімен екі қыздың лифтке кіргенін байқауға болады. Учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына 21 жасар қыз маркермен балағат сөздер жазған. Бейне арқылы құқықбұзушыны тез анықтады.

Анықталғандай, қыз бала қазірдің өзінде құқық қорғау органдарында есепте тұр. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Осындай бұзушылық үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген. Полиция мұндай әрекеттер жазасыз қалмайтынын еске салады және азаматтарды ортақ мүлікке және айналасындағыларға құрмет көрсетуге шақырады. Әрқайсымыз өз қаламызда тәртіп пен тазалықты сақтауға жауаптымыз.

Серіктес жаңалықтары