$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады

Шектеу шаралары үш күнге созылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады
Фото: depositphotos.com

Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункті үш күнге жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды», — делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Серіктес жаңалықтары