$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбелік шахтерлер АЭС құрылысының қоршаған ортаға әсерін талқылады

Халықтық штаб мүшелері «Восход Ориель» ЖШС жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді

Ақтөбелік шахтерлер АЭС құрылысының қоршаған ортаға әсерін талқылады
Фото: Ақтөбе облыстық халықтық штаб

Ақтөбе облыстық және Хромтау аудандық халықтық штаб мүшелері «Восход Ориель» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездестіп, АЭС құрылысының маңызы мен артықшылығын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық халықтық штаб мүшелері Дәурен Мулдашев мемлекет басшысының АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасының маңызын түсіндірді.

«Алғаш рет саяси жүйеге қатысы жоқ АЭС салу мәселесін ел-жұртпен талқылау үстіндеміз. Осы референдум өткізу арқылы президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырамыз», — деді ол.

Хромтау аудандық халықтық штабының мүшесі Болат Ашабаев шахтерлердің сұрағына жауап беріп, атомдық энергия ауаға, жерге және суға зиян тигізбейтінін мәлімдеді.

«Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, 1 гигаватт қуаттылығындағы ЖЭС 7 млн тонна көмірқышқыл газын және 120 мың тонна күкірт шығарады. Ал осыған ұқсас АЭС мүлде қалдық шығармайды. Сондай-ақ АЭС жұмысы су қоймасына зиян келтірмейді. Ендеше халықтың денсаулығына оң әсер етеді», — деді ол.

Оның айтуынша, АЭС салу көмір электр станциясынан бас тарту дегенді білдірмейді. Елімізде ЖЭС негізінен жылу көзі болса, АЭС электр энергиясының тапшылығын шешуге қажет. Сондықтан көмір саласының мамандары АЭС-тан қауіптенбеуі тиіс.

Жиында «Восход Ориель» ЖШС-нің энергетик маманы Асхат Тілеген айтуынша, Ақтөбеде уақытта зауыт пен фабрикалар көбейеді, ал сол кезде электр қуатына сұраныс шамадан тыс артуы мүмкін. Мәселен, түсті металдардың өзге де кендерін өндіретін біздің кәсіпорында электр энергиясына қажеттілік өсіп келеді. Ал, су, күн және жел энергиясы оның бәрін толық қамти алмайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС