30.09.2024, 07:46
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2024 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды