$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сендерді қазақтан басқа кім қарайды?»: орысша сұхбат берген Тәуекел Мүсілім сынның астында қалды

Актер жарымен бірге Динара Сәтжанның жобасында қонақ болған

«Сендерді қазақтан басқа кім қарайды?»: орысша сұхбат берген Тәуекел Мүсілім сынның астында қалды
Фото: instagram.com/mussilim

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға жарымен бірге сұхбат берген Тәуекел Мүсілімді желідегілер сынап тастады. Қазнет қолданушыларына сұхбаттың орысша жүргізілгені ұнамай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Динара Сәтжанның «Late night show» жобасының жексенбі күнгі шығарылымында белгілі актер Тәуекел Мүсілім мен оның жары Махаббат Мүсілім қонақ болды. Бағдарлама барысында актер қуанышты жаңалығымен бөлісіп, үшінші сәбилерін күтіп жүргендерін жариялады. Сұхбаттың осы бір бөлігін Динара Сәтжан Instagram парақшасында жариялады. Алайда жазбаның астында пікір қалдырған желі қолданушылары отбасылық жұпты құттықтаудың орнына сынның астына алды.

«Масқара. Үш қазақ отырып орысша сөйлесіп отыр!», «Қазақ қазақпен орысша сөйлеседі. Орысша сөйлесу сәннен кетіп барады, біздікі сол құлдық санадан арыла алмай келеміз», «Неге қазақ пен қазақ орысша сөйлеседі? Сендерді қазақтан басқа кім қарайды? Орыстар қарамайды. Сосын теледидар мәдениеті деген болады соншама күліп. Уйлерінде әңгіме айтып отқандай отыр ғой», «Кілең қазақ бір-бірімен орысша сөйлескені несі, өзге ұлт қайдан құрметтесін сосын», «Жаман қазақ орыс бола алмайды», «Ана тілін құрметтемей үш қазақ, шүңгірлеп отыр ғой», «Бәрің қазақсыңдар, неге орысша сөйлесіп отырсыңдар» сынды пікірлер жазылған.

Серіктес жаңалықтары