ШҚО-да енесінен айырылған еліктің лағы хайуанаттар бағына жіберілді

Azattyq Rýhy

Қазір Өскемен хайуанаттар бағының қызметкерлері еліктің лағын күтіп-баптап отыр

ШҚО-да енесінен айырылған еліктің лағы хайуанаттар бағына жіберілді
Фото: istockphoto.com

ШҚО-да енесінен айырылған еліктің лағы бір отар қойға жақындап, көмек сұрап келді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жабайы жануарды қойшы байқап қалады. Ол еліктің лағын ұстап, облыс орталығының хайуанаттар бағына тапсырды.

«Бұл Шемонаиха ауданы Убинка ауылының маңында болды. Шілде айында бізге орман және аңшылық шаруашылығының жедел отрядының қызметкерлері әкелді. Елік әлсіреп қалған», - делінген облыстық табиғи-ландшафтық және сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы хабарламасында.

Өскемен хайуанаттар бағының қызметкерлері еліктің лағын күтіп-баптап отыр.

«Мұражайда барлық күтіп жасалып жатыр. Ешкі сүті, сиыр сүті және бұзауларға арналған қоспалар беріледі», - деп мәлімдеді мұражай-қорық.

Қазір елік қоршаудың ішіне жіберілді. Жануар жаңа ортаға бейімделуі керек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.