$ 492.14  528.85  5.01
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күйеуім таза емес қызға барып, вич жұқтырған»: желіде жүкті әйелдің оқиғасы жарияланды

Қауіпті инфекция жұқтырғаны жүктілік бойынша тіркеуде тұрғанда белгілі болған

«Күйеуім таза емес қызға барып, вич жұқтырған»: желіде жүкті әйелдің оқиғасы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Блогер Гүлдана Тұрсынбаева Instagram парақшасында күйеуінен АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған әйел адамның хатын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогердің оқырманы сөз басында күйеуімен сүйіп қосылғаны туралы айтып өтті.

«Күйеуіммен сүйіп қосылдым, әлі де жақсы көремін, ұрмайтын, шекпейтін, ішпейтін, қатты дауыс көтермеген. 2 жыл некеден алдын кездесіп жүрдік. Толық танимын, сенімдімін дегенде ғана тұрмыс құруға келісімімді бердім.

Бастапқы 6 айда бәрі жақсы болды. Біз бірден балалы болуды қаладық. Жүктілік шақыру үшін бәрін жасап көрдік. Шүкір, Алла дұғамызды қабыл етіп, қазір аяғым ауыр. Бірақ ішімді өртейтін дүниені учетқа тұруға келгенде білдім.

Қан тапсырып, нәтижесінде Вич дегенде тұла бойым тітіркеніп отырып қалдым. Бұл қалай? Қайдан? Неге?» - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.

Ол сөзін жалғай отырып, кінәнің бәрі күйеуінен болғанын айтып өтті.

«Күйеуім сол уақытта мойындады, соңғы рет барып қалайын деп ойлап едім, кешірші деп еңіреп жылады, үлкен ұрыс болып, екі әулетте береке кетті.

Менің не кінәм бар? Менде де қазір вич, баланы алдыртып тастауды кеңес берді. Өмірімнің ойраны шықты, әрі қарайғы күндерім қараң сияқты көрінеді, бір мезетте бәрі аударылып кеткендей, отырып алып жылаудан басқа амалым жоқ», - делінген хатта.

Серіктес жаңалықтары