Облыс құрылғаннан бері оның жолдарын жөндеу үшін 30 млрд теңге кеткен
Антикор Ұлытау облысының жолдарын паспорттайды. Агенттік жол салған кездегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұлытау облысы жолдарының жалпы ұзындығы - 2711,7 шақырым, облыс құрылғаннан бері жолдарды жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалған. Сыртқы талдау жол салу кезінде елеулі жемқорлық тәуекелдерін анықтаған», - деп хабарлады Антикор.
Антикор бұл ретте жолдардың қандай күйде екенін паспорттап, оны есепке алмаған соң жоспар да сапасыз болады дейді.