25.09.2024, 21:14
Жаңалықтар
Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан күдіктілер қамауға алынды
Бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі
Видеодан алынған кадр
Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды.
Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)