$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықтық штабтың мүшелері бүгін Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барды

Штаб өкілдері референдум алдында түрлі еңбек ұжымдарына барып, электоратпен мақсатты кездесулерін жалғастыруда

Халықтық штабтың мүшелері бүгін Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барды
Скрин видео: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Халықтық штабтың құрамына енген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұласбек Сәдібеков, Қазыбек Иса, Таңсәуле Серіков, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев бастаған өкілдер Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ ауылында орналасқан «CG Foods Central Asia» ЖШС-нің жедел кеспе фабрикасының және «Көрік-ШҚ» ЖШС-нің табиғи шырын сусындарын шығаратын кәсіпорынның жұмыстарымен танысты, жұмысшыларымен еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ол өз кезегінде еліміздің тозығы жеткен энергокешенін жаңартады, өдірісті дамытуға жол ашады. Қуатымыз жеткілікті болса, бізге заманауи технологиялар да келеді, экологиямыздың ахуалы біршама жақсарады», — деді Парламен Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібекұлы.

Алдағы бес жылда Қазақстанның оңтүстігінде энергия тапшылығының көлемі 13 млрд. кВт/сағаттан асады деп энергетик мамандар айтып жатқанын Парламент депутаттары да айтып өтті. Мемлекет басшысы бұл мәселені жан-жақты таразылай отырып, атом электр станциясы құрылысын жүргізуді қоғам талқысына салғанын Халықтық штаб мүшелері жеткізді.

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту туралы алғашқы пікірлер осыдан 5 жыл бұрын айтылған еді. 2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының президенті Семейде өткен кездесуде АЭС салу туралы шешім қабылдауда, халықтың пікірі ескерілетінін жария етті. Атом станциясын салудың тиімділіктері осы 5 жыл ішінде толықтай зерделенді. Жобаның энергетикалық қажеттілігінен бастап, экономикалық, экологиялық, технологиялық және қауіпсіздік мәселелері түгелдей зерттелді», — деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев.

Кездесу қортындысымен, оған қатысушылар Қазақстанның қуатты елге айналуы баршамыздың мұратымыз екенін айта отырып, еліміздің тағдырына байланысты таңдау сәтінде, қазақстандықтар азаматтық жауапкершіліктің биік үлгісін көрсетеді деген сенімдерін білдірді. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум