«Қазіргі таңда елімізде қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа буын атом электр станциясын салу мүмкіндігі кеңінен талқылануда. Атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім демократияның құралы – референдум арқылы қабылданады. Бұл шешім қабылдау процесінде барынша заңдылық пен өкілдікті қамтамасыз етеді, өйткені әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс беруге қатыса алады. Сондықтан, 6 қазан өз сайлау учаскеңізге барып, азаматтық құқығыңзды пайданала отырып, дауыс беріңіздер. Ол қарсы дауыс бола ма немесе керісінше қолдайсыздар ма ол сіздердің еріктеріңізде,- деді Ерболат Жалғасбайұлы.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Біріншіден, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70% жетеді. Екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Үшіншіден, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық экологиялық міндеттемелерді өзіне жүктеді. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Атом электр станциясы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті,- деді Советбек Тұрсынұлы.