«Түркістан» қорына 117 млн теңге жиналды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қаражат Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге жұмсалады

Фото: ашық дереккөзден

«Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«Ол үшін арнайы есепшот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржы Мақтаарал ауданында тұрғын үй салу, егін мен мал шығынын өтеуге жұмсалады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүргізіп жатыр.