Бүгін еліміздің кей өңірінде үсік жүруі ықтимал

Автор: Azattyq Rýhy

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: depositphotos.com

Бүгін еліміз бойынша ауа райы салқын және желді болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде тұман түсіп, таңертең және түнде үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

24 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

24-25 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24-25 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 24-25 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 24 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 24 қыркүйекте таңертең және күндіз найғазай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 24 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 24 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 24 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 24 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 24 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 24 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 24 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.