Елімізде тағы бір микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды

Azattyq Rýhy

Ұйым микрокредит беру туралы шарттарды орындалмаған

Елімізде тағы бір микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 20.09 №17 бұйрығына сәйкес «МҚҰ «Микрокредит KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.