Сенаторлар Шиелі ауданының ақсақалдарымен кездесті
Күн тәртібіндегі АЭС саулы мәселесі жөнінде ой бөлісті
АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысы Шиелі ауданына іс-сапары барысында аудан ақсақалдарымен кездесті. Онда күн тәртібіндегі АЭС саулы мәселесі жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы онжылдықтарда энергетика саласында жағдай күрделенуі мүмкін. Сондықтан проблеманы болдырмауды бүгіннен бастап қарастыру керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов атап өтті.
«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Қазіргі таңда АЭС ті әлем пайдалануда. Біз жұмыс жасап отырған станцияларға арнайы барып көрдік. Елдің көбісінің көкейлерінде жүрген сұрақтарының бірі АЭС-ті қай мемлекет соғады? Бұл мәселе бойынша 6 мемлекет қатысып, 4 мемлекет арнайы сараптамадан өткен. Бізге дәл кәзір АЭС салу қажет пе, қажет емес пе? Міне осыны президент халыққа салып отыр», — деді Наурызбай Байқадамов.
Жиында АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.
«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы», — деді ол.
Кездесуде ардагерлер толғандырған сауалдарын қойып, атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдірді.