22.09.2024, 12:49
Жаңалықтар
Пойыз астына түсіп, қаза болған: кісі өліміне қатысты полиция түсініктеме берді
Оқиға 21 қыркүйек күні болды
Фото: t.me/railways_kz
Шымкентте пойыз астына түсіп, көз жұмған ер адамның өліміне қатысты көлік полициясы департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Осы жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Осыған дейін қайғылы оқиға 21 қыркүйек күні шамамен сағат 22:00 шамасында Исмаилов (бұрынғы Громов) пен Жангелдин көшелерінің арасында болғаны хабарланған.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды