Атырау облысында браконьерлерден 270 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Тәркіленген балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылған

Атырау облысында заңсыз балық аулаған браконьерлерден 356 балық тәркіленді. Оның ішінде 270 келі бекіре тұқымдас балық бар. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, 10 қыркүйектен бері «Бекіре – 2024» акциясы өтіп жатыр. Бұл акция 31 қазанға дейін жалғаcады.
«Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған құқық бұзушылық бойынша айғақ зат ретінде 2 автокөлік алынып, балық аулауға арналған 21 құрал алынды. Заңсыз ауланған 356 келі, оның ішінде 270 келі бекіре балығы тәркіленді», - делінген ПД хабарламасында.
Тәркіленген балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылған.