Алматы полициясы лаундж-бардағы атысқа қатысы бар күдіктілерді іздестіріп жатыр

Azattyq Rýhy

Жанжал бейтаныс адамдар арасында болған

Алматы полициясы лаундж-бардағы атысқа қатысы бар күдіктілерді іздестіріп жатыр
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматыдағы лаундж-барлардың бірінде келушілер арасында жанжал туындап, арты атысқа ұласқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жанжал Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы лаундж-барда орын алған. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, медициналық сарапшылар келді.

Куәгерлердің сөзінше, жанжал соңы атыс пен төбелеске ұласқан.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал бейтаныс адамдар арасында болған», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Оқиға туралы басқа мәліметтер жария етілген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.