Алматыда 12 жастағы қыз бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды
Алматы полиция департаментінде қыз баланың көз жұмғаны расталды
Алматыда 12 жастағы қыз баланың 13-қабаттан құлап, көз жұмғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, қыз бала қосымша тапсырмаларын орындау үшін үйінен шығып кеткен, бірақ қосымшаға барудың орнына 13-қабатқа көтерілген.
Алматы полиция департаментінде қыз баланың көз жұмғаны расталды.
«Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полицейлер қайтыс болған қыз баланың қауіпті «Көк кит» ойынын ойнағаны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
«Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және ресми дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуға шақырады», - деді баспасөз қызметі.