21.09.2024, 11:05
Жаңалықтар
Тоқаев Армения халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Армения халқына бақ-береке тіледі
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент өз құттықтау жеделхатында Премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді