Өскеменде ер адамды көлік қағып кетті: ол алған жарақатынан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты 19 қыркүйек күні болды

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Өскеменде көлік қағып кеткен жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Rагенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 19 қыркүйекте Тоғас көшесінде сағат 19:00 шамасында болды. 

«Lada Granta жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 2005 жылы туған адамды қағып кетті, ол алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖКО деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жіберілді.