20.09.2024, 21:19
Жаңалықтар
«Семей орманы» табиғи резерватында орманды тонау фактісі анықталды
Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды
Фото: instagram.com/qazaqormany
«Семей орманы» МОТР» РММ аумағында рейдтік іс-шаралар барысында резерваттың мемлекеттік инспекторлары Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп ағаштарды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылдың 19 қыркүйегінде «Семей орманы» МОТР» РММ Семей филиалының Талица орманшылығының аумағында өртенген ағаштарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде рұқсатсыз дайындалған кәсіптік ағаштың сүректері табылып, жауапты тұлға анықталды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды