$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да жарылғыш заттар шығарған кәсіпорынға 121 млн теңге айыппұл салынды

Өңірлік экология департаменті ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізген

ШҚО-да жарылғыш заттар шығарған кәсіпорынға 121 млн теңге айыппұл салынды
Фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында жарылғыш заттар шығарған компанияның жұмысы тоқтатылып, 121 млн тенге айыппұл салынды. Бұл туралы ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізген.

«Анықталғандай, жарылғыш заттар жасауға қажетті экологиялық рұқсат қағаздарын алмаған. Бұл Экологиялық кодекстің 106-бабына қайшы. Заң бойынша бұл бапты бұзғандардың қызметі 3 жылға дейінгі мерзімге тоқтатылады», - делінген департамент хабарламасында.

Компания басшылығы экология департаменті инспекторларының тексеру нәтижелерімен келіспей, сотқа шағым түсіріпті. Алайда Шығыс Қазақстан облыстық соты сот алқасы департамент қызметкерлерінің әрекетін заңды деп таныды.

«Анықталған заңбұзушылықтар үшін компанияға 121 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар ЖШС қызметі үш жылға тоқтатылды», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары