17.09.2024, 09:56
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында «Есіктен есікке» акциясы басталды
Фото: «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы
Шығыс Қазақстан облысында АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Есіктен есікке» акциясының барысында жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy..
«АЭС құрылысы — бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл — ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба»,- дейді халықтық штаб мүшесі Александр Светаш.
Еске салар болсақ, мемлекет басшысы 2 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазанда АЭС салуға қатысты жалпұлттық референдум өтетіндігін айтқан болатын.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды