15.09.2024, 20:46
Жаңалықтар
Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді: Алматыда 1700 тонна алма шырыны әзірленді
Шаһарда мерекелік іс-шара өтті
Фото: ztb.kz
Алматыда қала күніне орай дәстүрлі Apple Fest фестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Мерекелік шараға 100 мыңнан астам адам жиналды. Апорт алмасын жаңғыртып жүрген 50 шаруа қожалығы өнімдерін ұсынды. Сонымен бірге ұйымдастырушылар 1700 тонна алма шырынын әзірледі.
Дәстүрлі Алма фестивалі Тұңғыш Президент саябағында бар сән-салтанатымен ұйымдастырылып келеді. Мерекені қала тұрғындары асыға күтеді. Биылғы басты ерекшелік – алмадан қайнатылған шырын болды. 1700 тонна көлемінде әзірленген сусын елдің Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)