Жол 20 мамырға дейін ашылмайды
Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлады астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аталған жолдағы қозғалыс 20 мамырға дейін шектеледі.
«Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орта деңгейде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тұран даңғылының Достық пен Қонаев көшелерінің аралығындағы бөлігі жабылады», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Қала басшылығы аталған жол бөлігінде кептелістер туындамас үшін тұрғындардан жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.