$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 %-ға артып жатыр - Халық штабы

Жиын соңында өңірлік халықтық штаб мүшелері көпті толғандырған сұрақтарға жауап берді

Электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 %-ға артып жатыр - Халық штабы
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

12 қыркүйекте өңірлік халықтық штаб мүшелері «МАЭК» ЖШС қызметкерлерімен және бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy халықтық штабтың баспасөз қызметі.

Халықтық штаб мүшелерінің айтуынша, АЭС құрылысы елдегі ғылыми-техникалық, энергетика, экономика салаларына мультипликативті әсер беріп, алға жылжуына ықпал етеді. Нақтыласақ, ірі кәсіпорындар үшін электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифін қамтамасыз етеді, зауыттардың, фабрикалардың өндіріс шығынын азайтып, өнімділігін арттырады.

«Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр қуатын тұтыну 152,4 миллиард киловатт-сағатқа жетеді, ал жұмыс істеп тұрған станциялар бар болғаны 135 миллиард киловатт-сағат өндіре алады. Оның үстіне жұмыс істеп тұрған станциялардың 70%-ы тозған. Тағы бір ескеретін жайт атом электр энергиясы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, оның көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы — көмірқышқыл газын шығармайды. Бұл 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық бойынша міндеттемені орындауда маңызды», — деді штаб мүшесі Кинис Ураков.

Жиын соңында өңірлік халықтық штаб мүшелері көпті толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұжымды жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін таңдау жасауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум