$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2019, 12:37
Жаңалықтар

Республиканың басым аумағында күн қайта жылынады – синоптиктер

Кей өңірлерде жауын жауып, көктайғақ болады

Республиканың басым аумағында күн қайта жылынады – синоптиктер

Атлантикадан жылы және ылғалды ауаның келуімен Қазақстанның барлық аумағында күн қайта жылынады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасының көтерілуімен қатар кей облыстарда жауын-шашын жауады деп күтілуде.

«Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттармен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Батыс желінің күшеюімен бұрқасынның да болуы мүмкін. Ал, тропосферада батыс ағындарымен, Атлантикадан жылы және ылғалды ауаның келуімен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі күтіледі, бұл әдеттегі осы кезең үшін 2...5°С жоғары», - делінген аталған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары