Спортшы болашақтағы жоспарларымен бөлісті
Париж Олимпиадасының спорттық гимнастикадан күміс медаль иегері Нариман Құрбанов жуырда ғана отбасылы болып, шаңырақ көтерді. Алайда үлкен той екі аптадан кейін болмақ. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру кезінде спортшы күміс медалі үшін алған сыйлықтарын жақындарына бергенін мәлімдеді.
«Сыйға берілген «Skoda Kodiaq» автокөлігін әкеме бердім. Ал кәсіпкерлер табыстаған пәтерді анама сыйладым», - деді спортшы
Сондай-ақ гимнастшы алдағы уақытта шетелде білімін жетілдіріп, отандық спорттың деңгейін көтеруге ат салысқысы келетінін айтты.