Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді: курьер мен сатушы ұсталды
Санкцияланған тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 вейп тәркіледі

Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп темекі өнімдерін және вейпті заңсыз сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралар барысында, соның ішінде бақылап сатып алу кезінде екі ер адам ұсталды: 18 жастағы курьер және 22 жастағы сатушы заңсыз сауда жасаған.
«Санкцияланған тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 вейп тәркіледі, бұл осы өнімдердің заңсыз айналымының едәуір көлемін көрсетеді. Вейптердің жалпы сомасы – 7млн теңге», - делінген хабарламада.