Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымымен облыстық халықтық штаб мүшелері кездесті
Жиынға қатысушылар АЭС туралы ойларын ортаға салды
Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымымен облыстық халықтық штаб мүшелері Саламат Идресов, Балжан Досмұхамбетова, Бейбіт Бағытов, Назерке Көсесова кездесіп, алдағы референдумның маңыздылығын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында үгіт-насихат тобы университет ұжымымен АЭС тақырыбында пікір алмасып, қызу әңгіме өрбітті.
Жиынға қатысушылар АЭС туралы ойларын ортаға салып, мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізіп, үгіт-насихат тобының жұмысына сәттілік тіледі.
«Жолдауда Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған, одан кейінгі Үкіметтің алдына қойып жүрген тапсырмаларының жалғасы ретінде қабылдаймыз. Бастысы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мен білім сапасын арттыру мәселесіне де тоқталды. Соның ішнде негізгі бір мәселе — 6 қазанда референдум өтетіндігі анықталды. Атом электр станциясын салуға байланысты елімізде білікті эксперттер, аталған саланы зерттеп жүрген ғалымдар ой-пікірлерін білдіруде. Біздің мақсатымыз ғалымдардың, жоғары оқу орындарының міндеті халыққа АЭС салудың тиімділігін, оның ел экономикасы үшін маңызын нақты фактілермен түсіндіру. Әрине, референдум кезінде халық өз таңдауын жасайды. Болашақта еліміздің дұрыс өркендеп дамуына атом электр станциясының қажет екені белгілі», — деді облыстық мәслихат депутаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов.