Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 1700-ге жуықтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

58 адам коронавирустан жазылып шықты

Фото: ашық дереккөзден

58 адам коронавирус індетінен жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласы - 5, Алматы қаласы - 18, Шымкент қаласы - 9, Ақмола облысы - 1, Түркістан облысы - 2, Батыс Қазақстан облысы - 8, Павлодар облысы - 9, Қостанай облысы - 3, Қызылорда облысы – 3, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1695. Нұр-Сұлтан қаласы – 366, Алматы қаласы – 380, Шымкент қаласы – 106, Ақмола облысы – 90, Ақтөбе облысы – 34, Алматы облысы – 48, Атырау облысы – 86, Шығыс Қазақстан облысы – 12, Жамбыл облысы – 73, Батыс Қазақстан облысы – 80, Қарағанды облысы – 91, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 153, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 66», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4922-ге жетті. Инфекциядан 31 адам қайтыс болды.