08.09.2024, 18:13
Жаңалықтар
Боксшы Махмұд Сабырхан үйленді
Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы атанған
Фото: Видеодан скрин
Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Бұл туралы «Оңтүстік телеарнасы» желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сүйінші, Махмұд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын», - делінген жазбада.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы атанған. Париж Олимпидасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түскен.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды