Зарина Райфова - Паралимпия ойындарының қола жүлдегері

Azattyq Rýhy

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті

Зарина Райфова - Паралимпия ойындарының қола жүлдегері
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

«Париждегі Паралимпия ойындарына қатысып жатқан спортшылар отандастарымызды күн сайын жүлделі орындармен және тамаша нәтижелермен қуантуда. Бүгін парадзюдо құрамасы тағы да кәсіби дайындығын көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Отандасымызды үшінші орын алуымен шын жүректен құттықтай отырып, спорт бәсекелерінде жеңістері мен табысы көп болсын тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.