$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор іске қосылды

Жаңа компрессорды іске қосу газды қабатқа қайта айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор іске қосылды
Фото: Энергетика министрлігі

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Қарашығанақ кен орнында газды кері айдау үшін бесінші компрессорды іске қосу рәсіміне қатысты. Іс-шараға «PSA» ЖШС Бас директоры Ізбастин Бекет және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Балықбаев, сол сияқты жоба акционерлері қатысты. Жаңа жабдықты іске қосу кен орнының инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтудің маңызды кезеңі болып табылады.

«Мұнай және газ өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ кен орны Қазақстанның энергетикалық секторы үшін түйінді мәнге ие. Жаңа компрессорды іске қосу газды қабатқа қайта айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өндіру деңгейін ұстап тұруға және кен орнының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Вице-министр жобаның жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталғанын атап өтті, бұл Қарашығанақ жобасының компаниясын, «PSA» ЖШС мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, жобаға қатысушылар арасындағы үйлестірудің жоғары деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, жоба айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді – Б.В. КПО мен қазақстандық жеткізушілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстандық қамту үлесі 54%-ға дейін ұлғайтылды», - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары