9 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сенбі күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
9 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Республиканың солтүстік және шығыс өңірі әлі де антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады», - деп жазылған хабарламада.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел күтіледі.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды, күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында найзағай күтіледі.