$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Майқайыңдағы апат: қайтыс болған құтқарушының отбасы компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды

Шешім заңды күшіне енген жоқ

Майқайыңдағы апат: қайтыс болған құтқарушының отбасы компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы болжамды өрт орнына технологиялық жолмен келе жатқанда үш құтқарушы мен жүргізушісі бар автобус шұңқырға құлап кеткен. Апат салдарынан қаза тапқан құтқарушының отбасы жұмыс берушіден сот арқылы 120 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайтыс болған құтқарушы Т-ның анасы, қызы, ұлы және әпкесі марқұмның қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болуына байланысты моральдық залал өтеуді талап етіп сотқа жүгінді.

Моральдық зиян олардың ұлынан, әкесінен, ағасынан айырылуының ауырлығынан, жерлеу кезінде онымен қоштасуға мүмкіндік болмауынан, жұмыс берушінің көңіл айтып, қолдау көрсетпеуінен болып отыр.

Сот болған жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің 100% кінәсін негізге ала отырып, қайтыс болған құтқарушының туыстарының талаптарын толық көлемде қанағаттандырып, әрбір туысының пайдасына қойылған талап көлемінде 30 000 000 теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге моральдық зиян өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары