$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оқырмандар санын көбейтпек болған»: ШҚО тұрғыны алаяққа алданып қалды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

«Оқырмандар санын көбейтпек болған»: ШҚО тұрғыны алаяққа алданып қалды
Фото: depositphotos.com

ШҚО тұрғыны әлеуметтік желіде оқырмандар санын көбейтемін деп ақшасынан қағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желінің жұлдызы болам деп, алаяқтың арбауына түскен ШҚО-ның 32 жастағы тұрғыны өз аккаунтын танымал ету және аккаунттағы жазылушылар санын көбейту үшін хабарландыру бойынша жүгінген. 

Маман қызметі үшін 100 мың теңгеден астам қаражат алған, алайда «фолловерлер» саны көбеймеген, ал өзі жоғалып кеткен. Полиция күдіктіні көрші облыстың 19 жастағы тұрғыны екенін анықтаған, ол бұл әрекетін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға ешкімге, ешбір жағдайда қолма-қол ақша бермеуге, үшінші тарап қосымшаларын орнатпауға және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары