Қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді ол Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды бүгін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Қайрат Сатыбалды бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған болатын. Алайда сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырды.
Қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді ол Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.
Түрмеден оны шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алғаны белгілі болды.