«Мүмкін емес нәрсе жоқ»: Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай мотивациялық видео жариялады
Видео көптің көңілінен шығып, желідегілер боксшыға қолдау көрсетті

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай әлеуметтік желідегі парақшасында мотивациялық видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода боксшы бүгінгідей жетістікке жету үшін қаншама еңбек етіп, тер төккенін көрсеткен. Кадрлардан спортшының жаттығу сәттері, олимпиадада жеңіске жеткен кезі мен Президентпен кездесуінен үзінділерді көруге болады.
«Мүмкін емес нәрсе жоқ» деген сипаттамамен жарияланған бейнежазбаның астында жүздеген адам пікір қалдырып, спортшыға қолдау білдірген.
«Жастарға керемет мотивация болатын видео екен, керемет, келесі видеолар құдалық, бесік тойларда түсіріле ме деп қорқып едім», «Қаншама еңбек қаншама тер!», «Керемет бір мотивация алатын видео болған екен, қазақ жігіттері, тек алға» сынды пікірлер қалдырылған.
Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай Париж олимпиадасында бокстан 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс медаль иеленген болатын.