Әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады
Қазақстанның 3 банкі – «ЦентрКредит», «Сбербанк» және «Halyk банк» қолданыстағы «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жобасын іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Әскерилерге арналған ипотека» екінші деңгейлі банктер іске асырып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде.
Әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады. Бірақ әскерилер мен арнайы органдар қызметкерлерінің ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін және жалақыларын ескере отырып, олардың банк тарапынан мақұлдау алу мүмкіндігі артып отыр.
Оларға ипотекалық қарыз алу үшін мынадай негізгі талаптар қойылады:
«7-20-25» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 7%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап екенін және кредиттеу мерзімі 25 жылдан аспайтынын еске саламыз. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер бастапқы тұрғын үй нарығында ғана пайдалануға берілген үйлерден сатып алынады.
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 11%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. «Баспана Хит» бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.