ШұғылҚазақстанда коронавирус симптомы жоқ науқастар саны 1 мыңнан асты

Қазақстанда темекі бағасы 11%-ға қымбаттаса да, оны тартатындар қатары кемімеген

Ең қымбат темекі Қостанай мен Нұр-Сұлтанда және Ақтауда сатылады

Көрнекі фото

Қазақстанда бір жылда темекі бағасы 11 пайызға қымбаттаған. Дегенмен, оған деген сұраныс кемімей отыр, тиісінше өндіріс көлемі де 1,2%-ға артқан деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Мамандар сондай-ақ, шылым шегуден болатын тыныс алу органдары ауруларымен ауыратындар қатарының кемігенін айтып отыр.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 11,6 млрд дана темекі өндірілген. 2018 жылдың 12 айында 18,2 млрд дана сатылымға шығарылса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 1,2 пайызға кем болыпты.

Никотин өнімінің бағасы да жылдағыдан қымбат. Мәселен, биыл қыркүйек айында 1 қорап темекі – 436 теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 11,4%-ға өскен (391 теңге).

Ең қымбат темекі Қостанайда сатылады, 1 қорабы – 461 теңге. Нұр-Сұлтанда – 456 теңге, Ақтауда – 452 теңге.

Осы ретте айта кету керек, шылым шегу адам ағзасына, әсіресе тыныс алу органдарына өте зиян. Мәселен, Қазақстанда 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 23,9 мыңы өкпе ауруларына шалдыққан болатын. 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 6 пайызға аз еді.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Чжан Сяо ҚХР мен АҚШ байланысының суып кетуіне кімдердің қатысы барын айтты
«Болашақ» президенті стипендия талаптарындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен