Астанада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Автор: Azattyq Rýhy

Өзгеріс жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сақталады

Фото: instagram.com/cts_kz

Астанада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №19, 28, 52, 54, 55 А, 55Б, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.